23.10.2020, 14:34
Оқылды: 71

Сырымдық ардагер журналисті қабылдады

Бүгін Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев  ақын, ардагер-журналист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, «Сырым ауданының құрметті азаматы» Махмет Қажиахметовты  мерейлі 65 жасқа толуына орай қабылдады.

мах1

Аудан басшысы мерейтой иесін құттықтап, Махмет Мүтиұлы сияқты тірі энциклопедияның аудан үшін, жас ұрпақ үшін орны ерекше екенін атап өтті.

Ақынға естелік ретінде «Қазақ халқының тұрмысы мен  мәдениеті» атты кітапты сыйға табыс етіп, өңіріне  Қадыр Мырза Әли атындағы төсбелгіні тақты.

папа (1)

Айта кетейік, Махмет Қажиахметов бұған дейін «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалінің, «Қадыр Мырза Әлі  атындағы, «Жайық айтысының 60 жыл» мерекелік медальдардың» иегері еді.

 

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале