8.04.2025, 9:00
Оқылды: 118

Сырымдық арулар арқан тартыстан өткен республикалық ашық турнирде екінші орын алды

 

Сырымдықтар үшін республикалық додада топ жару күнделікті әдетке айналып барады. Алдыңғы күні жас футболшыларымыз ел чемпионатында қола жүлде иегерлері атанған еді. Араға күн салып, Сырым ауданының әйелдер құрамасы Орал қаласындағы “JayiqArena” спорт кешенінде арқан тартыстан өткен республикалық ашық турнирде екінші орын алып, айды аспанға шығарды. 

PHOTO-2025-04-06-21-07-49 (1)

Біздің нәзікжандылар 560 келі салмақ дәрежесі бойынша жартылай финалда Орал қаласының армспортшыларының командасын ұтып, финалда Шығыс Қазақстан облысына есе жіберді.

Арқан тартқан арулар қола медаль үшін 300 мың теңге сыйақыға ие болды.

PHOTO-2025-04-06-21-05-41 (1)

- Спортты сұлулар осы жеңістері арқылы Сырым ауданындағы ұлттық спорттың даму деңгейін көрсетті. - дейді “Қайсар” спорт клубының директорының орынбасары Ержан Чукуров.

Айта кетейік, 5 сәуір күні Орал қаласында 200 адам бір мезетте арқан тартысып, Қазақстан бойынша рекорд қойды. “Еділ” және “Жайық” командалары осы арқылы ұлттық спортқа деген жаңа көзқарасты оятты.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале