13-18 наурыз күндері Алматы облысы Талғар ауданында қол күресінен жас жеткіншектер мен жасөспірім қыздар арасында ҚР чемпионаты өтті.
Аталмыш жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан 1200-ге жуық спортшы қатысты. Сырым ауданының БЖСМ спортшылары да қатысып, жеңіс тұғырынан көрінді. Атап айтсақ, 55 келі салмақ дәрежесінде Гауһар Рустамова жеңімпаз атанып, Азия және Әлем чемпионаттарына жолдама алды.
65 келі салмақ дәрежесінде Дильназ Абунагимова қола жүлде иеленіп, Азия чемпионатына жолдама алды. Екі спортшы да – жалпы білім беретін Бұлдырты орта мектебінің оқушылары. Жаттықтырушысы – Төлеген Құрашев.
zhaikpress.kz