2.06.2025, 12:30
Оқылды: 146

Сырымдық балғындар саяхатқа шықты  

Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ерекше балалардың Орал қаласына саяхатын ұйымдастырды. Сапарға "AMANAT" партиясы қолдау көрсетті. 

PHOTO-2025-05-29-06-48-17

Балғындар күнін Киров атындағы мәдени-демалыс саябағын аралап, Шаған өзенінің бетінде катамаранмен серуендеуден бастады. Кейін "Жайық Арена" көпбейінді спорт кешенін тамашалады, бассейнге шомылды. Балалар әрі хайуанаттар бағына барды, "Nur Er" ат спорты туристік орталығында болып, табиғат аясында атпен қыдырды.

Бұл дүниеде баланы қуантудан асқан бақыт жоқ шығар. Балаларға керемет көңіл-күй сыйлаған жандарға ата-аналары алғысын білдірді.

 

Бағыжан Белялов, 

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік

бағдарламалар бөлімінің бас маманы,

Сырым ауданы 

 PHOTO-2025-05-29-06-48-18 PHOTO-2025-05-29-06-48-17 (1) 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале