14.03.2025, 19:00
Оқылды: 17

Сырымдық бизнесмен әже кәсібін дөңгелетіп отыр

Сырым ауданына қарасты Жосалы ауылдық округінде тұратын Ақпал анамыздың еңбекқорлығына ел риза. 

WhatsApp Image 2025-03-14 at 18.48.40

Жанғалиеа Ақпал Зғалиқызы 1968 жылы Тамды ауылында дүниеге келген. Осы елде өсіп, өніп қазіргі таңда Ақпал Зғалиқызы  көпбалалы ана ретінде зейнетке шығып,  өз шаруашылығын дөңгелетіп отырған ардақты әже. Ақпал Зғалиқызының жолдасы Ақшолақов Алтай Қалидоллаұлы үлкен бәйгелерге жүйрік деген жылқыларын қосып жүрген атбегі. Жүйріктері ылғи жүлделі. Отағасы мен отанасы мал шаруашылығын бірге дамытып, ауыл өмірінде  пайдалы, құнарлы өнімдер шығаруда. Ақпал ханым болсс сиырдың сүтінен айран ұйытып, сүзбе жасап, қаймақ сатып, май былғайды. Ол кісінің қолынан әзірлеген ақ өнімдері қысы жазы үзілмейді. Ақпалдың қолынан шыққан құрт, май, қаймақ, ірімшік, сүзбе, айран) үлкен сұранысқа ие және иесіне едәуір табыс әкеліп отыр.

WhatsApp Image 2025-03-14 at 18.49.19

- «Көп ұстаған қамшыға қол үйреніп қалады, Көп мал баққан малшыға мал үйреніп қалады» дегендей мал шаруашылығы – ауыл адамдарының күнделікті тіршілігі. Қазіргі уақытта табиғи өнімдер: қолдың айраны, ірімшігі, құрты үлкен сұранысқа ие. Мен қазіргі уақытта 12 сиыр сауып, арнайы тапсырыс бойынша  сүт майымды әзірлеп, табыс көзіне айналдырып отырмын. Қолымызда мал болғаннан кейін оның өнімдерін пайдаға асырып , қалаға жіберемін. 1 литр айран 500 тенге, 1 литр  қаймақ 5000 тенге, 1 кг май 6000 тенгеден сатып, өз кәсібіммен табыс тауып отырмын. «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деп мал шаруашылығының өзіндік қиындығы болғанымен , пайдасын көре білген адамға ойдай табыс көзі. Сондықтан да ауылдық жерде еңбек етемін деген азаматтарға қазақтың генінде сақталған еңбекқорлықты оятып, нарық заманына сай оқу-біліммен сусындаумен қатар жаңа кәсіпкерлік қырды ашуға шақырамын, - дейді кейіпкеріміз.

Дана Асқарқызы, 

кәсіби бағдар беруші педагог,

А.Жұмағалиев атындағы мектеп -бөбекжай- балабақша кешені, коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале