Жақында Сырым ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Ахметов, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Арман Тоқтаров, Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Қайрат Меңдіғалиев жетекшілік ететін «Правда» шаруа қожалығында болып, көктемгі далалық жұмыстардың барысымен танысты.
Айта кету керек аталмыш қожалықтың диқандары бүгінде ылғал жабу жұмыстарына кіріскен. Дала алқабында 3 техника жұмысқа қосылған.
Жалпы, қожалықта биыл 1000 гектарға дәнді дақылдар егілмекші болса, олардың арасында 200 гектарға арпа, 200 гектарға екпелі шөп, жаздық бидай, еркек шөп (житняк) егілмек.
Күн жылынып, жер қызысымен дәнді дақылдарды себуге кіріскелі отырған аталмыш қожалықта мемлекеттік бағдарламаның қолдауымен арзандатылған жағармай алынып, қажетті тұқым қорымен қамтамасыз етілген.
Мүсірбек Әлібекұлы
Сырым ауданы
zhaikpress.kz