19.03.2020, 23:08
Оқылды: 36

Сырымдық еріктілер үш сағатта 200 бетперде тікті

Елдегі жарияланған төтенше жағдайға орай Президентіміздің үндеуінде айтылған коронавирус пандемиясына байланысты сақтық шараларын күшейту жөніндегі тапсырманы сырымдықтар да ықыласпен орындауда.

ADA13284-C979-4CBD-B9DA-244741F2A2E6

Халықтың саулығына алаңдаулы аудан еріктілері Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының  ұйытқы болуымен көпреттік бетперде тігуді қолға алды. Аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық қажетті материалмен қамтып, еріктілер тігін мәшинелерін әкелді.

F99E40B6-B4FB-4A47-AAA1-0FE21FF0E3EF

Бүгін түстен кейін басталған жұмыс барысында олар үш сағаттың ішінде 200 бетперде тігіп бітірді. Белсенді қолұшын берген еріктілер қатарында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маман-есепшісі Жанаргүл Кәрімғалиева, Сырым мемлекеттік коммуналдық мекемесінің қызметкері Айгүл Баянғалиева, "Аяна" шаштаразының иесі Айгүл Қанекенова бар. Игілікті іске "Nur Otan" партиясының Сырым аудандық филиалының қызметкері Мира Мұхамбедиева, "Сырым елі" газетінің тілшілері, аудан жастары да  атсалысты.

BB73461D-CACB-4490-AC3F-91C4926DB3B4

Бетперде тігуге үлестерін қосқан ең жас еріктілер Шахарбану Болатованың жасы 9-да болса, Заңғар Махметтің жасы 10-да.

356DEC5C-CC29-4D39-B13C-F1A7730927C5

Халық саулығы үшін қолға алынған бетперде тігу ісі жалғасын таба бермек. Көмек қолын созуға ниетті тігіншілер болса, асарлатуға келуге болады.

 Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале