8.01.2020, 12:10
Оқылды: 600

Сырымдық кәсіпкер инклюзивті білім беру кабинетіне ойыншықтар сыйлады

Сырым ауданындағы Қ.Мырзалиев атындағы мектептің түлегі, белгілі кәсіпкер Мұратбек Мұхамедиев өзінің түлеп ұшқан мектебіндегі инклюзивті білім беру кабинетіне ойыншықтар алып берді, деп хабарлайды аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Сауық Бектенова.

dav

Қ.Мырзалиев мектебінде ерекше білім беру қажеттілігі бар 84 бала есепте тұр. 70 бала түзеу-дамыту сабақтарына тұрақты қатысады. Олармен жұмыс жасауға ыңғайлы болуы үшін мектепте дефектолог пен логопедтің әрқайсысына дербес кабинет жасақталған еді.

dav

- Жаңа ойыншықтар дидактикалық ойын түрлеріне арналған. Мұндай емдік ойыншықтар балалардың ұсақ қол моторикасын дамытуға, тыныс алу, дыбыс шығару жаттығуларын жасауына, есептеу, түстерді ажырату, ойлану қабілеттерін дамытуға керемет көмектеседі. Мұратбек өзіміздің оқушымыз. Оның сыйлығының арқасында мектептегі инклюзивті білім беру кабинеті балалар үшін әрі қызық әрі пайдалы, - дейді дефектолог – маман Райхан Беленова.

dav

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале