1.12.2024, 9:52
Оқылды: 176

Сырымдық «Құрметті байланысшы» дауыс берді

Ауданның байланыс саласында 45 жыл еңбек еткен, оның 23 жылында Сырым аудандық телекоммуникация торабының басшылық қызметінде болған ҚР «Құрметті байланысшысы» Сыдық Тәжмұхан Жымпиты ауылдық округінің әкімінің сайлауына келіп, таңдау жасады.

photo-output

— Бүгін міне, Жымпиты ауылдық округі әкімінің сайлауы өтуде. Бұл еліміздегі демократиялық үрдістің жалғасы деп есептейміз. Бұрын ауыл әкімдері аудан, облыс әкімдерінің шешімімен, өкімімен тағайындалып келді. Халық өзінің қалаулысын таңдауға мүмкіндік алды. Біз сайлаудан елдің қамын ойлайтын, халықтың жағдайын білетін, етене араласқан, осы жерден шыққан адамның әкім болғанын күтеміз.
Аудан орталығында жол салу, құрылыс салу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр, санитарлық тазалыққа жіті көңіл бөлінуде. Бұл жұмыстар әрі қарай жалғасын табады деп сенеміз. Ауылдастарымды бүгінгі Жымпиты ауылдық округінің әкімінің сайлауына қатысуға шақырамын, - дейді Сыдық Қалиахметұлы.

Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале