6.02.2025, 12:30
Оқылды: 171

Сырымдық оқушы әлем кубогының жүлдегері атанды

Сырым ауданы, А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің Бұлдыртыдағы қол күресі үйірмесінен тағы да жаңа жұлдыз шықты. 

WhatsApp Image 2025-02-06 at 13.32.04

Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында қол күресінен жас жеткіншектер және жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында өткен Әлем кубогында сырымдық Аяулым Есентайқызы қола жүлдегер атанды.

WhatsApp Image 2025-02-06 at 13.32.48

Ол күш үстелінде қырғыз, өзбек армрестлерлерімен кездесті.

Бапкері Төлеген Құраштың айтуынша, Бұлдырты орта мектебінің 10 сыныбында оқитын Аяулымға Әлем Кубогы спорттық мансап биігіне жол ашуда. Біріншіден, ол Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсетті. Екіншіден, мойынында - дүниежүзілік жарыстың медалі.

WhatsApp Image 2025-02-06 at 13.31.01

Айта кетейік, чемпион бойжеткен көпбалалы жанұядан шыққан. Есентай мен Мейрамгүл 7 перзент тәрбиелеп отыр.

Бауыржан Ширмединұлы, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале