4.07.2024, 0:00
Оқылды: 169

Сырымдық оқушылар Илон Масктан 15 компьютер сыйға алды

Сырым ауданының 15 оқушысына "+1 Илон Маск" қоры компьютер сыйлады.

InShot_20240703_235752559

Осыдар үш жыл бұрын Дәурен Төлебаев құрған өнеркәсіп пен инновацияны қолдау қорының игілігін қазақстандық зияткер оқушылар көруде.

Қордың ұранына американдық инженер, миллиардер Илон Масктың есім-сойы алынуы да тегін емес. Илон – білім мен ойды қанат қылған адам. Оның жобалары әлемдік автоөндірісті жаңа биікке көтерді. Қазіргі уақытта Масктың командасы Марс сапарына дайындалуда. "+1 Илон Маск" қоры қазақ балаларының арасынан білім дарабоздарын іздейді.

иолн маск (2)

Ноутбуктар су тасқыны кезінде үйі зардап шеккен жанұялардың балаларына берілді. Атап айтсақ, Қ.Мырзалиев, Ж.Досмұхамедов атындағы және Бұлдырты орта мектебінің оқушылары жаңа оқу жылына жаңа сөмке, ішінде ноутбугі бар сөмке ұстап барады.

- Үйлер суда қалды, жаңа үйге жеткенше де оқушы тынығып, даму керек. Мақсатымыз –  балаларға уақытша тұру кезінде білім алуды қолжетімді қылу. - дейді қор өкілдері.

Досжан Тайшиев,

Сырым аудандық білім беру бөлімінің басшысы

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале