10.06.2024, 10:45
Оқылды: 39

Сырымдық оқушылар республикалық гимназиадада топ жарды

Орал қаласында мектеп оқушыларының республикалық ХІІ жазғы гимназиадасы өтті.

49899763-0926-406E-AE6B-01A44078FB28

Осы жарыста Сырым ауданының қыздар командасы (7-9 жас) қатысып спорттық бағдарлаудың лабиринт түрі бойынша ІІІ орын иеленді. Ал көңілді сөреден (эстафета) І орынды иеленді.

– Гимназиада – мектеп оқушыларының арасынан талантты спортшыларды тануға арналған жоба. Бұл жарыста бәсекелестік қатты болады. Бірақ ауданның арулары топ жарып, абыройымызды көтеріп отыр. Спорттық бағдарлау мен эстафетаға қатысқан команда құрамында Жырақұдық, Жетікөл және В.И.Шубин атындағы орта мектептің оқушылары бар. Ауыл балаларымен-ақ республикалық биікті бағындырған жетекшілер Расул Аткаев, Ералы Елеусін (Жырақұдық ОМ), Маратжан Маулетов (Шубин ат.ОМ) және Дулат Шыңғалиевке (Сырым МББК) ризамыз! - дейді Сырым аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Қуаныш Райымов.

Айтпақшы, біз таныстырған бұрымдылар негізі футболдан Сырым ауданының қыздар құрамасында ойнайды. Олар кеше Ақжайық ауданы және Маңғыстау облысындағы қатарластарымен матчтар өткізіп үлгерді.

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале