26.06.2025, 9:45
Оқылды: 244

Сырымдық өнерпаздар халықаралық байқауларда топ жарды

Бурабайда өткен «BURABAI SUMMER FESTIVAL» халықаралық көпжанрлы байқауында Сырым аудандық балалар-жасөспірімдер шығармашылық орталығының жас өнерпаздары зор жетістікке жетті.

АРУЖАН (1)

Байқауға қатысқан Үлгілі «Аружан» би ансамблінің 7–8 жас аралығындағы кіші топ бишілері «Мұз айдынында» биімен І орынды, ал нәзік қимыл мен үйлесімді қозғалысты талап ететін «Леди» биімен ІІ орынды иеленіп, қазылар алқасының ыстық ықыласына бөленді. Жас бишілердің шеберлігін ұштап жүрген жетекші — Айнагүл Сарғозиева.

АРУЖАН (4)

Бұдан бөлек, аталмыш ансамбль Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында ұйымдастырылған «Ören Stars of Uzbekistan» халықаралық көпжанрлы байқауында да орасан жетістікке қол жеткізді. Орта және үлкен топ бишілері ұлттық және заманауи бағыттағы бірнеше би түрін орындап, барлығында бас жүлдені қанжығалады. Атап айтқанда, қазақтың нәзік те сыршыл «Айна» биі, ұлттық рухты сездіретін «Қара жорға» және заманауи сипаттағы «A motion» биі көрермендер мен қазылар алқасын тәнті етіп, ансамбльге үш бірдей бас жүлдені алып берді. Сондай-ақ «Жабайы Африка» биімен де ансамбль І орынды иеленді.

АРУЖАН (2)

Шығармашылық орталықтың тағы бір мақтанышы — вокал үйірмесіне қатысатын Ақжібек Русланқызы. Педагогі Айдана Кусегенованың жетекшілігімен өнер көрсеткен Ақжібек «Отан» әнін ерекше тебіреніспен орындап, Ташкенттегі халықаралық байқауда вокал номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Бұл — тек өнерге деген махаббаттың, еңбектің және тәрбиешілердің кәсіби шеберлігінің нәтижесі. Сырым өңірінің жас өнерпаздары алдағы уақытта да биік белестерді бағындыра бермек.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

АРУЖАН (9) АРУЖАН (8)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале