17.07.2024, 12:30
Оқылды: 225

Сырымдық өрендер халықаралық байқау-фестивалінде топ жарды

Ақтөбе қаласында өткен «Zhan bala Kazakhstan-Azerbaijan» Халықаралық шығармашылық байқау-фестивалінде сырымдық өнерпаз өрендер топ жарды.

7261C55C-DBEB-4526-94D0-1CC0BF7CB4AD

Өнер додасында «Хореография» номинациясы бойынша 5-8 жас аралығындағы 28 қатысушы ішінен «Айналайын» би ансамблінің кіші тобы «Андижанская полька» (Өзбек биімен) Гран при иегері атанып, Баку қаласына жолдама алды.

AD24C3E4-86B6-43FA-8F8F-1556145B15F0

Ал  Аянат Ерхатқызы  «Әжесінің еркесі» соло қазақ биімен 1 орынды қанжығалады. Мың бұралған бишілердің  жетекшісі – Гүлшат Нұрмұханова.

«ORTA» дарынды балалар орталығындағы «Вокал» үйірмесінің оқушылары да осы байқауда олжалы болды.

4BB546D1-D225-433C-8B4C-1EBFF094411F

99C9A1F5-9225-4325-BD98-6B0BC9BB6F07

Дильшат Жақсылық «Туған жер» әнімен 1 орын, Мадина Ғұбайдолла «Қазақ елі осындай» әнімен 2 орын, Аянат ⁠Ерхатқызы «Қазағым» әнімен 2 орынға ие болды.

Ақтөбе аспанында ән әуелеткен жас орындаушыларды баптаған – «Вокал» үйірмесінің жетекшісі Айжан Талғатова.

Шынар Молданиязова

zhaikpress.kz 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале