6.03.2022, 20:03
Оқылды: 124

Сырымдық палуандар жүлде "жаудырды!"

Облыс орталығы Орал қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Батыр Қуанышевті​ еске алуға арналған самбо күресінен спорт шеберлері арасында республикалық турнир өтті.

FB_IMG_1646573687699
Батыс Қазақстан облысының самбошыларынан бөлек, Алматы, Ақтөбе, Атырау қалаларынан, Шығыс Қазақстан және Түркістан облысынан 150 ардагер спортшы өзара бақ сынады.
Сырым ауданының спортшылары көп арасынан суырылып шығып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

FB_IMG_1646573684393
Атап айтар болсақ, 35-39 жас аралығында әр салмақ дәрежесі бойынша А.Сисенбаев, М.Бисенғалиев ІІІ орынды, Е.Бекболсынов, А.Нұрмұханов ІІ орынды өзара бөліссе, А.Оразғалиев өз салмағында І орынды иеленді.
Ал, 40-45 жас аралығы бойынша Д.Нұрсұлтан ІІІ орын, Е.Мұқанов пен Н.Сейтжанов өз салмақтарында ІІ орынға табан тіреді.

FB_IMG_1646573677434
45-50 жас аралығындағы спортшылар ішінен Ж.Андиров ІІ иемденсе, М.Әубәкіров І орынға лайық деп танылды.

FB_IMG_1646573694348
Белгілі бапкер, самбодан Қазақстан Республикасының ұлттық спорт төрешісі Ержан Чукуров жетекшілік еткен команда жігіттері самбодан мықтылықтарын мойындатып, ауданға жүлде "жаудырды".

Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале