30.11.2022, 12:51
Оқылды: 55

Сырымдық полиция инспекторы министрден марапат алды

Сырым аудандық полиция бөлімінің Жетікөл ауылдық округі бойынша учаскелік полиция инспекторы Нұрбол Қабиев ҚР Ішкі істер Министрлігінің «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен наградталды. 

IMG-20221130-WA0033

Нұрбол Қабиевтің Жетікөл ауылдық округінде жемісті еңбек етіп жатқанына 5 жыл болды. Ауыл халқы оның кәсібилігін, әдебін бастысы жұмысына деген жауапкершілігін жоғары бағалайды. Учаскелік полиция инспекторының қызметінің ең басты көрсеткіші сол – округте соңғы екі жылда бірде-бір ауыр қылмыс тіркелмеген.

– Қоғамдық тыныштық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қосқан үлесімді, өзіме бекітілген аймақтағы криминогендік ахуалдың тұрақтылығы мен қалыптылығын ескеріп марапатқа ұсынған өңірдегі Полиция департаменті мен Сырым аудандық полиция бөлімінің басшылығына және менің күнделікті «әріптестерім» - ауыл тұрғындарына зор ризашылық білдіремін. Марапат жауапкершілікті арттыру үшін беріледі,- дейді полиция капитаны.

IMG-20221130-WA0034 (1)

Сырымдық полицейге марапатты ҚР Ішкі істер министрі, полиция генерал-полковнигі Марат Ахметжанов өз қолымен табыс етті. Айта кетейік, бір күн бұрын бас полицей Батыс Қазақстан өңірінде жұмыс сапарымен болды.

Б.Шерім,

Сырым ауданы

 zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале