Румынияның Бухарест қаласында өтіп жатқан қол күресінен жастар арасындағы әлем чемпионатында сырымдық жас спортшы Гауһар Рустамова әлем чемпионы атанды.
Гауһар – Бұлдырты ауылының қызы. Ол бүгінде Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінде жаттығады. Жаттықтырушысы - Төлеген Құраш.
Ұлттық құраманың мүшесі Гауһар чемпионатта 55 келі салмақ дәрежесінде Ресейдің, Украинаның және Қазақстанның спортшыларын ұтып, финалда Өзбекстанның "арм - аруын" жеңіп, тарихи жеңіске қол жеткізді.
Биыл Сырым ауданындағы балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің құрылғанына 50 жыл толады. Гауһардың жеңісі осы тойға деген тамаша тарту болып отыр.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz