"SENIM" денсаулық сақтау жүйесі жұмыскерлерінің салалық кәсіптік одағының Батыс Қазақстан облыстық филиалы "Алтын күз" атты кәсіподақ турнирін ұйымдастырды.
Аталмыш турнирға облыстық, аудандық аурухана қызметкерлерінен құралған 7 команда қатысты. Аудан намысын "IS PHARMA" Сырым аудандық аурухана қызметкерлерінің құрама командасы қорғап, ІІІ орынға лайық деп танылды.
Құрама команда сапында хирургия бөлімінің меңгерушісі Тимур Еспентаев, обаға қарсы күрес бөлімшесінің дәрігер-бактериологы Азамат Ізімов, аудандық "Ұлттық сараптама орталығы" бөлімшесінің басшысы Серік Жақсылықов болды.
Ауданымыздың кәсіби спортшылары ғана емес, әуесқой футболшылары да осал емес екендігін мақтанышпен айтамыз.
Науқастарды емдеуде тек біліктілік қана емес, денсаулықтың да маңызы зор екенін естен шығармайтын ақ халатты абзал жандарға амандық тілейміз!
Айжан Амангелдина,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер