"Сырым батыр" көкпар командасының капитаны Төлеби Қайыржанов кейінгі уақытта ат үстіндегі күрестен де қарсылас шақ келтірмей жүр. Тіпті, аударыспақтан ҚР спорт шебері атанып үлгерді.
Кеше Сырым спорты үшін тарихи күн болды. Төлеби РФ, Башқұрстан Республикасында “корештен” яғни, аударыспақтан өткен Әлем чемпионатында 90 келіден ауыр палуандар арасында күміс жүлдегер атанды. Ол финалда қырғыз палуанына есе жіберді.
Аударыспақтың әлемдік деңгейдегі түрінің ережесі сәл бөлек. Палуандар атқа ер салмай, жайдақ мініп тартысады. Үзеңгіге шіреп аяқ салмағасын, негізгі күш тақым мен белге түсетіні белгілі.
Бірақ, Төлеби бәрібір мықты екенін дәлелдеді.
Айта кетейік, Төлеби Қайыржанов аударыспақтан ұлттық құраманың мүшесі ретінде жыл басталғалы бірқатар оқу - жаттығу жиындарынан өтті.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы