15.04.2025, 20:00
Оқылды: 60

Сырымдық ұстаз ерекше медальмен марапатталды

Бүгін Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген Кеңесі өтті. Осы кеңесте сырымдық ардагер ұстаз Гүлбақша Ерғалиева «Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды.

PHOTO-2025-04-15-17-52-11

Гүлбақша Қалиахметқызы бірқатар жыл Қадыр Мырзалиев атындағы мектепті басқарды. “Нұр шуағы” қоғамдық бірлестігіне төрайым болып, аудандағы дамуы ерекше балаларды оңалтуға үлес қосты. Қоғамдық - саяси өмірге белсенді араласатын, өз пікірі, табанбүрі бар адам. Марапат Гүлбақша ханымның татулық пен бірлікті сақтау жолындағы еңбегі үшін берілді.

Жиынға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев және этномәдени бірлестіктер басшылары, құрылымдық бөлімшелер мүшелері, БҚО әкімдігі Қоғамдық даму басқармасы мен «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері қатысты.

Достық үйінде «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбымен Батыс Қазақстан өңіріндегі этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы жетістіктері мен нәтижелері туралы сөз қозғалды. Этномәдени бірлестіктер мен құрылымдық бөлімшелердің төрағаларының тізімі бекітіліп, өңірлік құрам жаңартылды.

Сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясына дайындық мәселелері талқыланды.

Б. Шерім
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале