Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының ұйымдастыруымен аудан жастары Жеңіс күніне орай "Жеңіс лентасын тарату" акциясын өткізді.
- Жеңіс күні әр отбасына ыстық, өйткені соғыс бірде-бір жанұяны айналып өтпеді. Әр отбасында соғысқа қатысып, жеңіспен оралған немесе ерлікпен қаза тапқан және оралмаған ата-әжелері бар. Қаншама адам тылда еңбек етті. Сұрапыл соғыста жеңіске жету жолында миллиондаған адамның өмірі қиылды, сондықтан адамзат өткен соғыстың құрбандарын жақсы біледі. Біздің байқағанымыз, елді жайлаған пандемия да патриот болуымызға, елімізді сүюге кедергі бола алмайды, - дейді аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат.
Елдегі індетке байланысты жыл сайынғы дәстүрге сай ардагерлерді құттықтау, мерекелік шеру, салтанатты шаралар өткізуге шектеу болғанына қарамастан сырымдық жастар ұлық мереке "Ұлы Жеңіс" күнінде санитарлық талаптарды сақтай отырып та үлкендердің батасын, алғысын алды.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress