Warning: session_start(): open(/tmp/sess_nurd2oq9qdql3tlgahmvqvsoa2, O_RDWR) failed: No space left on device (28) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288

Warning: session_start(): Failed to read session data: files (path: ) in /www/wwwroot/zhaikpress.kz/wp-content/themes/zhaik_2024/functions.php on line 288
Жайық Пресс - Сырымдық жаттықтырушы әлем чемпионатында төрешілік етті - официальные новости ЗКО
20.08.2025, 18:00
Оқылды: 613

Сырымдық жаттықтырушы әлем чемпионатында төрешілік етті

Сырым ауданындағы А. Шайхиев атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қазақ күресі үйірмесінің жаттықтырушысы Айбол Оразғалиев әлем чемпионатында төрешілік етті. 

IMG_5164

14–15 тамыз күндері Астана қаласында алғаш рет әскери қызметшілер арасында Қазақ күресінен әлем чемпионаты өткен еді. Чемпионат ҚР Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы мен ҚР Туризм және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен, Халықаралық әскери спорт кеңесінің (CISM) қолдауымен жүзеге асты. Байрақты бәсекеге 40-қа жуық елден спортшылар қатысты.

- Әлем чемпионатында Батыс Қазақстан облысының өкілі, қазақ күресінің білікті жаттықтырушысы, І дәрежелі төреші Айбол Оразғалиев төрешілік қызмет атқарды. Айбол – қазақ күресінен еліміздің білікті төрешілерінің бірі. Ол бірнеше халықаралық додаларда әділ төрелік етіп, мол тәжірибе жинақтаған, - деп жазады ресми парақшасында Батыс Қазақстан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы.

IMG_4990

Біз Айболды мықты бапкер, талантты күрес жұлдыздарын тәрбиелеген ұстаз ретінде де танимыз.

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале