30.04.2021, 14:58
Оқылды: 46

Сырымдық жолаушылардың жылы лебізі

Сырым аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Нұртілеу Болат бастаған жастар аудан орталығы Жымпитыдағы "М-32" көпшілік тамақтану кафесіне, "Жібек жолы" автокешеніне арнайы барып, жолаушылардың жылы лебізін естіп қайтты.

 Снимок экрана (7)

Орталық басшысының айтуынша, ауданымызға тұрақтаған жолаушылар өзге ұлт өкілдері болса да Қазақстанға құрметтері ерекше екенін байқатты. Тіпті, өзбек азаматы "Қазақстан – менің Отаным ғой" деп жүрегімізді елжіретті.

Снимок экрана (1)

- Затымыз түрік болғанмен, қазақпен жанымыз егіз, тіліміз бен діліміз ұқсас. Оның айқын дәлелі, Сіздерде 1 мамыр – Бірлік күні мерекесі болса, Түркияда "Еңбек күні", - дейді түрік азаматы.

 

Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале