2.03.2023, 7:28
Оқылды: 75

Сырымдықтар 30 команданың көш басында

Ақпан айының 24-26 жұлдызында Астана қаласында дзюдо күресінен 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 жылдары туылған кіші жасөспірімдер арасында “JUDO LEAGUE” турнирі өткен болатын.
IMG_5312
Турнирге Батыс Қазақстан облысынан бөлек Солтүстік Қазақстан, Ерейментау, Қарағанды, Ақмола, Алматы, Жетісу секілді бірқатар облыстан 30-ға жуық команда, 2600-дей дзюдошылар қатысты.
IMG_5311
Бірнеше күнге созылған турнир нәтижесінде командалық есеп бойынша Сырым ауданының Асқар Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің мықтылары І орын иеленіп, жеңіс тұғырынан көрінді.
IMG_5310
Жекелеген жас сырымдық боз кілем шеберлерінен  ІІІ орынды Абай Жанәділ, Алихан Мұратов, Ерболат Габдукаримов, Мансур Аманқос қанағат тұтса, ІІ орын Ердәулет Мұратқа, Нұртас Ізімғалиге, Әділ Нұржігітұлына бұйырды.
IMG_5309
Белдескеннің белін үзерлік 30 команданың палуандары арасынан жүлделі І орынды Рахман Нұрболат, Жандәулет Тұран, Мәдениет Жұмабай, Амирлан Мұратов, Батырхан Әлбеков секілді жас дзюдошылар аудан, облыс намысын асқақтата түсті.
IMG_5308
Аталған боз кілем шеберлерін баптап, шыңдаған Бауыржан Ихсанов басқарып отырған А.Шайхиев атындағы Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Ержан Чукуров, Айбол Оразғалиев, Мәулет Қожахметов, Темірлан Наурызбай, Ерген Рамазан сияқты бірақатар бапкерлердің еңбегінің еленгенін айта кету керек.
IMG_5306
Астанадан алтынды да, күмісті де, қоланы да арқалап келген дзюдошылар мен бапкерлеріне алдағы уақытта да жеңісті күндер тілейміз!
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале