5.08.2019, 10:45
Оқылды: 7

Сырымдықтар ағылшын тілін үйренуде

Елбасы Н.Назарбаевтың үштілділік саясатын жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігі және Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бірлескен түрде ұйымдастыруымен 2019 жылдың 3 шілде – 2 тамыз күндері аралығында ағылшын тілін үйрену курсы өткізілді.

Syrym agylshyn

Жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылған ағылшын тілін үйрену курсына 20-дан астам түрлі мекеме қызметкерлері қатысып, нәтижесінде мердігер тарапынан ұсынылған студенттер деңгейі бойынша PRE-Intermediate (A2-V1) 4 адам, PRE-Intermediate (A2) деңгейінде 17 адам меңгерген.
Курсты меңгергендердің атынан сөз алған аудан әкімдігінің бас инспекторы Ерболат Исанов аудан әкімдігіне, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне алдағы уақытта ауданымызға дәл осындай ағылшын курстарының ауадай қажет екендігін және сол курстарға қатысушылардың жұмыс орындарына қатынас қағаздары жіберілсе деген ұсынысын білдірді.

                                               Айжан АМАНГЕЛДИНА
Сырым ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале