18.09.2022, 15:05
Оқылды: 34

Сырымдықтар Ақжайықта "үздік" атанды 

Ақжайық ауданының Чапаев ауылында “Жігер” спорт клубының 10 жылдығына орай спорт клубтары арасында ашық турнир өтті.

image-18-09-22-01-21-3

Жұбан елінде 12 ауданның спорт клубтары волейбол, қол күресі, арқан тартыс, шағын футбол бойынша өзара бақ сынады.

image-18-09-22-01-21

Сырым ауданы атынан қатысқан “Қайсар” спорт клубының қызметкерлері арқан тартыстан ІІІ орын алса, шағын футболдан топ жарып І орын иеленді.

image-18-09-22-01-21-2

Ал, “Үздік қақпашы” аталымы сырымдық Дастан Сейтжановқа бұйырды.

image-18-09-22-01-21-1

Жерлестерімізге “Жігер” спорт клубының атынан диплом мен медаль табысталды.

Айжан Бауыржанқызы,

Сырым ауданы

zhaikpress.kz 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале