15.03.2026, 11:17
Оқылды: 22

Сырымдықтар дауыс беріп, жәрмеңке аралады

Сырым ауданында референдум күні ерекше көңіл-күймен өтуде. №290 референдум учаскесінің алдында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, тұрғындарға мереке сыйлады.

1bb860c5-08ef-4482-909e-8c2e8716d9cc
Көктемнің шуақты күнімен бірге Жымпитыдағы дәстүрлі жәрмеңкенің де жаңа маусымы басталды. Бұрыннан қалыптасқан бұл игі дәстүр ауыл тұрғындары мен қонақтарын тағы да бір алаңға жинады. Дауыс беруге келген халық алдымен азаматтық таңдауын жасап, кейін жәрмеңкені аралап, жергілікті шаруалардың өнімдерін сатып алуда.
Жәрмеңке сөрелері табиғи, таза ауыл өнімдеріне толы. Саудаға қойылған ет, сүт тағамдары мен үй өнімдері көпшіліктің сұранысына ие болды. Жылқы етінің келісі 3000 теңгеден ұсынылса, қайнатылған құрттың 0,6 келісі 1600 теңгеден, ал ащы құрттың бір данасы 100 теңгеден сатылды. Қолайлы баға мен сапалы өнімдер тұрғындардың көңілінен шығып, сауданың қызуын арттырды.
Дауыс беруге келген жұртшылық бір жағынан ел болашағына қатысты өз таңдауын жасап жатса, екінші жағынан жәрмеңкенің берекелі саудасына куә болып, ауыл тіршілігінің шынайы көрінісін тамашалады.

d5405abe-f076-4efa-86e6-e9e1cd7fe40f
Жәрмеңке ауыл тұрғындарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, жергілікті еңбеккерлердің еңбегін дәріптеп, ауыл шаруашылығы өнімдерін қолдауға мүмкіндік берді.

Шынар Молданиязова

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале