29.08.2020, 17:16
Оқылды: 46

Сырымдықтар мемлекеттік наградаға ие болды

Кеше Сырым ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 30 тамыз - ҚР Конституциясы күніне орай салтанатты шара өтті.

FD68250C-B33A-49B1-A92B-469986EE0BE4

- Конституциямыздың «Ата Заң» деген синонимдік қолданыстағы атауының өзі атасын ардақтаған, үлкенін құрметтеген қазақ халқы үшін басты құжатымыздың  маңыздылығын айқындап тұрғандай.

Біз баянды болашағымыз бен кемел келешегіміздің кепілі болған Ата Заңымызды ардақтауды, қастерлеуді, құрмет тұтуды бір сәтке де естен шығармауымыз қажет. Бұл орайда қазақтың қаһарман ұлы Бауыржан Момышұлының «Тәртіпке бас иген құл болмайды» деген нақыл сөзі ойға оралады. Нақтырақ айтқанда, баршамызға Конституцияда көзделген, белгіленген қағидаларды сақтау парыз әрі міндет,  – деді құттықтау сөзінде Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев.

9AADEAEC-FA97-41EC-82B9-0FD385132823

Төлеген Төреғалиев осы шарада ауданның дамуына үлес қосқан бірқатар сырымдыққа мемлекеттік награда табыс етті. Атап айтсақ, ардагер мемлекеттік қызметші Салауат Ғабдуллин, Сырым ауданы әкімі аппаратының бас инспектор есепшісі Гүлбану Бекчурина, жеке кәсіпкер, меценат Қуандық Жаужиев, Сырым аудандық ауруханасының неврополог дәрігері Нұрлыгүл Оспанова, Мұқадес Есламғалиұлы атындағы аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Айнұр Уәлиахметова, жалпы білім беретін Қадыр Мырзалиев атындағы орта мектебінің мұғалімі, талай жеткіншектен кәсіби спортшы тәрбиелеген Ерлан Чукуров Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 20 тамыздағы №387 Жарлығына сәйкес «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» мерекелік медалімен наградталды.

471B2376-F153-42F5-8667-89E6991EF5E4

Осы сияқты «Атамекен-Сырым» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің жетекшісіАйдынғали Балғалиев, «Ернұр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нұржан Бисенғалиев, Сырым аудандық орталық ауруханасының терапевт дәрігері Назгүл Несіпқалиева, Сырым аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ерлан Сәрсенов «Қазақстан Конституциясына – 25 жыл» төсбелгісімен марапатталды.

Шараның шырайын аналар кіргізді. Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 24 шілдедегі № 375 Жарлығына сәйкес 7 баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп отырған жымпитылық Сәндігүл Нұғманова «Алтын алқа» алқасымен наградталады. Алты баланың анасы Айнагүл Днекешоваға «Күміс алқа» алқасы табыс етілді.

 Бауырдан Ширмединұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале