12.07.2024, 16:15
Оқылды: 164

Сырымдықтар республикалық акцияға белсенді қатысып жатыр

Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы жалғасып жатыр. Тазалық ұраны шеті мен шегі жоқ шаһарлардан бастап алақандай ауылдарды да адамзат үшін ортақ іске жұмылдыруда.

IMG_2743

Экологиялық акцияны белсенді қолдаушылардың бірі – сырымдықтар.

Мәселен, бүгін Жымпиты ауылындағы мекеме қызметкерлері жұмыс күнін кеңседен емес, көшеден бастады. Алашорда, С. Датов, С. Сейфуллин, Амангелді, Қарасу мөлтекауданындағы Асадуллин, Қ. Сүйірбаев секілді көшелердің бойындағы шөптер шабылып, ретке келтірілді.
Округ әкімі Мейрам Қайырғалиевтің айтуынша, ауыл көркін келтіруге 70-ке жуық адам үлес қосқан.
IMG_2775
Экологиялық акциялардың жалпыхалықтық сипат ала алмай тұрғаны шындық. Қоқыс жинайтын да, шөп шабатын да – мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері. Әр үй, әр тұрғын тазалықты сүйсе дейсің!
Бірақ жымпитылық Яков Ғазизовты көріп, туған ауылын ерекше жақсы көретін жандардың бар екеніне сенесің.
Яшка ағаның (ел солай атайды) С.Датұлы атындағы мәдени-демалыс паркінің күтушісі болып қызмет еткеніне 13 жылдың шамасы болды. Саябақтың іші жайнап тұр. Қызылды-жасылды гүлдер батыр ескерткішінің де бейнесін ашқандай.
Бүгін Яшка ағамыз шалғысын асынып, Амангелді көшесінің бойына шықты.
– Ауыл таза болса, көңіл де таза! - дейді Яков мырза.
Бауыржан Ширмединұлы
Сырым ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале