Кеше Сырым ауданында тоғызқұмалақтан Батыс Қазақстан облысының чемпионаты басталған еді. Тоғызқұмалақшылар “классика”, “рапид” , “блиц” түрлері бойынша сынға түсіп жатыр.
- Кеше ғана басталған тоғызқұмалақ ойынының бүгін екінші күні. Шәкірттеріміз жетістікке қол жеткізіп үлгеріп жатыр. Атап айтсақ, қызылағаштық Асылхан Мағзом мен жосалылық Зере Закария, саройлық Гүлжайна Ержан ІІІ орынға табан тіресе, саройлық Әмірхан Біржан ІІ орын алды. Айта кету керек, саройлық шәкірттер көш басында тұр. Оған дәлел, Баян Мақсұт, Нұрәли Жолдыбай, Айша Ғарифолла, Мәдина Мақсұт І орын иегері атанды. Түстен кейін жас спортшылар “рапид” бойынша өзара бақ сынайды,- дейді ұйымдастырушы Дарын Төреғалиев.
Аталған жүлдегерлер чемпионат қорытындысында, яғни 9 мамыр күні салтанатты түрде марапатталатын болады.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz