Орал қаласын тасқын судан қорғау тәулік бойы жалғасуда. Қазіргі таңда Жайық, Шаған өзендерінің жағалауын бекітіп жатқан қалың көпірдің қақ ортасында сырымдықтар жүр.
Газет оқырмандары Алғабас ауылдық округіндегі бір тұрғын үйге тегін газ желісін қосуға демеуші болған автобус жүргізушісі Жасталап Жалғасбаев пен оның жары Дананы танитын болар.
Дана Шадиярқызы бүгінде Қытай мемлекетінен тауар тасумен айналысады. Қазіргі уақытта іскерлік жұмыстарымен Иу қаласында жүр.
Сүйікті қаласының су құрсауында қалғанына шыдай алмаған кәсіпкер ханым жағалау бойын бекіту үшін бүгін Орал қаласына 7000 дана қап жеткізді.
5000 қапты Сырым ауданы әкімінің орынбасары Артур Шерғалиев қабылдап алып, қаптауды бастап кетті. 2000 қап тағы да қажет нүктеге жіберілді.
Бауыржан Ширмединұлы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz