Бүгін облыста шегіртке тұқымдас зиянкестермен күрес бойынша шараларды үйлестіру жөнінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеевтің төрағалығымен облыстық онлайн селекторлық штаб отырысы өтті.
Сырым ауданы бойынша ағымдағы жылы аса қауіпті зиянды ағза - итальяндық прус шегірткесіне қарсы 6 ауылдық округке, яғни Алғабас, Бұлдырты, Жосалы, Жымпиты, Елтай, Сарой ауылдық округтеріне барлығы 27,0 мың.га далалық аумаққа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі. Химиялық өңдеу жұмыстарына аудандық аумақтық инспекция және аудандық «РФДБӘО» РММ филиалы мамандарынан бөлек 4 уақытша зерттеуші 3 жалдамалы автокөлік жұмылдырылады. Қажетті пестицидтер мен техника саны жеткілікті.
Аудан тұрғындарына алдын ала химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілмес бұрын ескертпе ретінде хабарландыру парақтары таратылады. Сонымен қатар аудан тұрғындарынан химиялық өңдеу жұмыстары кезінде далалық аумақтан шегіртке зиянкестерін көрген жағдайда ауылдық әкімдікке және инспекция мамандарына хабар берулеріңізді және сақтық шараларын қатаң сақтауды сұраймыз, - дейді аудандық аумақтық инспекциясының өсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторы Темірлан Габбасов.
Айжан Бауыржанқызы,
Сырым ауданы
zhaikpress.kz