2.04.2025, 21:00
Оқылды: 78

Сырымның «Қайсары» топ жарды

Шыңғырлау ауданында Батыс Қазақстан облысындағы спорт клубтарының қызметкерлері арасында ашық спартакиада аяқталды.  Екі күнге созылған додада Сырым ауданының «Қайсар» спорт клубының әдіскерлері мен қызметкерлері қатысып, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

IMG_0208

Сырымдықтар волейбол ойынынан үшінші орынға табан тіреді. Әуе добынан кеткен есені стритболдан қайтарды. Бірінші орын!

Сол секілді, асық атудан сырымдық құрама үздік төрттікке енсе, арқан тартудан үшінші орын алды. «Бес асық» түрі бойынша жекелей сында Әсем Шукатова екінші болды. Стритболда да, волейболда да «Үздік ойыншы» позициясын сырымдар ұстады. Асан Мұрадымов пен Әсем Шукатоваға көрермен ерекше ықылас көрсетті.

IMG_0209

Барлық сайыс бойынша жиналған ұпайларды қосып санағанда, «Қайсар» клубы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанды.

Бұқаралық спортты дамыту үшін құрылған клубты самбодан Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Ерболат Мұқанов басқарады.

Б. Шерім, 

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале