Ақсай қаласында осындай тақырыппен Тұңғыш Президент күні мерекесіне арналған мерекелік жиын өтті.
Салтанатты шарада алғашқы сөз тізгінін алған Бөрлі ауданының әкімі Алдияр Сансызбайұлы жиналған жұртшылықты айтулы мерекемен құттықтап, ауданның əлеуметтік-экономикалық жағдайын баяндап өтті.
Сондай-ақ Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Бибігүл Қонысбаеваның алғыс хатын табыс етіп, марапатталушыларға құттықтау лебізін арнады.
Аудандық демалу орталығы ұйымдастырған концерттік бағдарлама барысында «Нұр аға», «Күн дидарлы Қазақстан», «Үш қоңыр», «Көк тудың желбірегені», т.б мерекеге арналған әдемі де әуезді әндер шырқалып, мың бұралған билер орындалды.
Мемлекетіміздің мерейлі мерекесі аясында ұйымдастырылған салтанатты жиын, мерекелік концерт өз деңгейінде өтіп, көрермендер керемет көңіл-күймен тарқасты.
Ұлдай Таңбайқызы
Бөрлі ауданы
www.zhaikpress.kz