Бүгін ауданымыздың жеті кереметінің бірі - Қонақай көлі маңында қысқы спорт ойындары маусымының және облыстық Президенттік көпсайысқа аудандық іріктеу кезеңінің ашылу салтанаты өтті.

Барлық дерлік ауылдық округінен келген спортсүйер тұрғындар жас ерекшеліктеріне орай 2,3 және 5 шақырым ара қашықтықта шаңғымен жарысып, пневматикалық мылтықпен нысанаға көздеп ату кезеңдерінде өз бақтарын сынады.

Шараға қатысқан аудан әкімі Әлия Мұханбетжанова салауатты өмір салтын қолдаған әр жанға алғысын білдіріп, сайыскерге сәттілік тіледі.
Әдемі табиғат аясында өткен шарада ұйымдастырушылар тарапынан шаңғы, коньки берілді.
Аман Сағи,
Шыңғырлау ауданы
zhaikpress.kz