17.10.2022, 15:45
Оқылды: 46

Табиғатта қоқыс жоқ!

Шылым тұқылы, бос бөтелкелер, тамақтан қалған қағаздар... Аудан тұрғындары табиғат аясына шығып демалып, серуендеп қайтқанды жақсы көреді. Бірақ демалушылардың басым бөлігі өздерінің соңынан қалдықтарын жинау керектігін ескере бермейді. Салдарынан әр жерде қоқыс жатады. Қалдықтар тек сенбіліктер мен экоакциялар кезінде ғана жиналады.

WhatsApp Image 2022-10-17 at 13.32.13

Қоршаған ортаға құрметпен қарау – әр адамның парызы. Мұны өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та атап өткен болатын. Президенттің бастамасымен қолға алынған «Табиғатта қоқыс жоқ!» акциясы бүкіл республика көлемінде ұйымдастырылуда. Шарапаты мол іс-шараға Жәнібек ауданының тұрғындары да кеңінен атсалысуда.
Жалпы, сенбі күні өткен «Табиғатта қоқыс жоқ» экоакциясына белсенді қатысқан жандар қоқыс жинап, ауданды қалдықтан тазартты.

WhatsApp Image 2022-10-17 at 13.32.14

Гүлзара Мәди,
Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале