7.02.2025, 15:15
Оқылды: 341

Табиғаттың тосын мінезіне тосқауыл тексерілді

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев бүгін Сырым ауданына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында облыс әкімі  төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысып, жауапты мекеме басшыларын пікірі мен ұсыныстарын тыңдады.

475821878_1212725194186355_7332954682197522975_n

Өңір басшысы Сырым ауданының жедел әрекет ету жасағының саптық байқауына қатысты. Ауданның 12 азаматтық қорғау қызметтерінің төтенше жағдайға арнайы техника мен құрал-жабдықтарының  әзірлігіне ерекше назар аударды.

475834643_1212725107519697_349237072622341218_n (1)

Іс-шарада бөлімдердің, жеке құрамның техникалық құрал-жабдықтарының  дайындығы тексерілді. Кәсіби шеберліктері, жедел әрекет ету қабілеттері  сыналды. Азаматтық қорғау қызметтері су тасқыны кезінде адам шығыны мен материалдық шығынды болдырмауға дайындықтары жоғары деңгейде екенін байқатты. Өңір басшысы саптық байқауға қатысқан жедел әрекет ету тобына тактикалық іс-қимылдарға дағдыланып, тапсырмаларды шұғыл орындауды міндеттеді. Төтенше жағдай орын алған жағдайда халықтың, әсіресе, электр жарығы мен байланыссыз қалмауын тапсырды.

475855345_1212725387519669_580577042838017952_n (1)

Нариман Төреғалиев аудан орталығы Жымпиты ауылында салынып жатқан төтенше жағдай бөлімі ғимаратының  құрылыс жұмыстарымен танысты. Төтенше жағдайлар бөлімінің ғимараты су тасқыны кезінде зардап шегіп, бөлімге арналып жаңа ғимарат салынып жатыр. Құрылыс жұмыстары 2024 жылдың қыркүйек айында басталды. 2025 жылдың мамыр айында пайдалануға берілмек.  Жоба құны – 538 млн теңге. Мердігері – «СК Алаш» ЖШС. Ғимарат  25 адамға арналған. 4 өрт сөндіру көлігіне арналған орын бар. Бүгінде ішкі жұмыстары жүргізіліп жатыр.

476124901_1212726460852895_6059347178399570652_n

476682619_1212724827519725_4686919532017931711_n

476222608_1212729417519266_4866886649371592346_nӨңір басшысы 2025 жылдың көктемгі су тасқынының алдын алу бағытында атқарылған жұмыстарды зерделеді. Өлеңті өзенінің арнасын көріп, салынған сутосқының құрылысымен танысты. Сутосқының суды ашып-жабатын қақпасының жұмыс жасап тұрғанына көз жеткізді.  Өлеңті өзенінің арнасына салынған дамбаның ұзындығы – 8,1 км. Биіктігі өзен деңгейінен 7,6 м. Су тасқынының алдын алу мақсатында қоймада Жымпиты, Өлеңті ауылдары бойынша 3000 дана қапталған дайын құм бар. Одан бөлек  300 тонна құм бар.

476377327_1212727914186083_637366047272937197_n

476229227_1212728534186021_8289066084656683989_n

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев сондай-ақ, «Алаш» күрес залына бас сұғып, жаттығып жатқан жас палуандардың жағдайымен танысты. Татами тарландарының қолын алып, жігерлі сөздерімен дем, рух берді. Балалардың жекпе-жектерін тамашалап, естелік суретке түсті.

Шынар Молданиязова,

Сырым ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале