1.02.2024, 17:52
Оқылды: 92

Табиғи апат айтып келмейді

 Көктемгі су тасқынын алдын алу бойынша Жәнібек ауданы көлемінде дайындық іс-шаралары ұйымдастырылып, арнайы бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

423133927_935819628547712_672371220464733048_n

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев маңызды мәселеге қатысты нақты тапсырмалар берген болатын.

424785691_935840815212260_8009906746205243621_n

Атап айтсақ, елді мекендердегі ішкі құрылымдарды қалпына келтіру, су тасқыны кезеңінде қорғану үшін қапшықтар дайындау, су өткізу құбырларының арналарын ашу жұмысы атқарылып жатыр. Қазіргі таңда қажетті қапшықтар қоры дайындалып жатыр.

424786164_935819671881041_6944439526646699665_n

Аудан басшысы Тимур Шиниязов Жәнібек ауылындағы төтенше жағдайға қарсы атқарылып жатқан жұмыстың барысымен танысып, осы бағыттағы жұмысты жіті қадағалау қажеттігін баса атап өтті.

424791134_935819571881051_7742849165261174045_n

Сондай-ақ іс-шаралар жоспарға сай сапалы орындалуын міндеттеп, су тасқыны кезеңіне күш пен құралдардың толық дайын болуын тапсырды.

Айсұлу Жұмабай,

Жәнібек ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале