1.02.2021, 17:12
Оқылды: 26

Табиғи таза өнім өндірмек

Ел Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауында айтылғандай, ауылды көркейтіп, табиғи таза өнім өндіру қазақстандықтардың басты мақсаты болмақ. Ол үшін Үкімет тарапынан мол мүмкіндіктер қарастырылуда. Ауыл шаруашылығын дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың дені ауылға бағытталған.

89037666-1D91-4963-98DF-1F75363E4E2D

Шыңғырлаулық Данагүл Хамиева – отбасымен ақылдасып, кәсіпкерлікке бет бұрған жандардың бірі. Ол «Атамекен» кәсіпкерлік палатасы аудандық филиалы мамандарының көмегімен қажетті құжаттарды жинап, 11 ірі қара алып, өсіруде. «Мекемеде, жылы жерде жұмыс жасаған, әрине, жақсы. Дегенмен, бала-шағамыз бар. Жұбайым Мерлан екеуміз ойланып, малды көбейтсек, қомақты қаражат көзіне жол ашылады деп шештік. Қаймақ-майға, құрт-ірімшікке сұраныс көп. Әсіресе, пандемия кезінде өмірдің өзі табиғи өнімге сұраныстың қаншалықты қажеттігін дәлелдеп берді», – дейді «Азиза» жеке кәсіпкерлігінің жетекшісі Данагүл Асмаққызы.

Ауданымыздағы орта және шағын бизнес саласында еңбек етіп жүргендердің дені – жастар. «Жас келсе,  іске!» дегенді осындайда айтса керек.

Айсұлу Амангелдіқызы,

Шыңғырлау ауданы

 zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале