27.07.2022, 18:24
Оқылды: 67

Тағдырға мойымаған тарлан спортшылар

Өмірде алдымыздан шығатын кішкентай сынға шыдас бермей, жігеріміз құм болып, жанарымыз су алып, жасып жатамыз. Ал тағдырдың қатал тұзағына түссек қайтпек керек? Біз сөз еткелі отырған жандар тағдыр сынағына мойымай, керісінше жетістік жолында жалындаған жандар. Нақтырақ айтсақ олар – Бөрлі спортының саңлақтары.

спорт

Талай додада бақ сынап, биік мінбелерде көк байрағымызды биікте желбіреткен спортшыларымызбен ауыз толтырып мақтана аламыз.

Жуырда олар облыстық «AQJAIYQ» телеарнасының «Күншуақ» бағдарламасында қонақта болып қайтты.

Мәлік Мұқашев – Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданының спортшысы, паратаэквондодан 2021 жылғы әлем чемпионы (Түркия, Стамбул), халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Мәншүк Мырзабекова – БҚО Бөрлі ауданының спортшысы, пневматикалық мылтық атудан республикалық жарыстардың қатысушысы.

Азария Хамидуллина - тоғызқұмалақтан тірек-қимыл аппараты зақымдалған спортшылар арасында Қазақстан Республикасы чемпионатының күміс жүлдегері.

Гүлмира Батпақұлова – үстел теннисінен Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Нұрлан Махметов – жеңіл атлетикадан Қазақстан Республикасы чемпионатының жеңімпазы, Қазақстан Республикасының спорт шебері.

Бағдарламада Батыс Қазақстан облысындағы мүгедектер спорты туралы әңгіме қозғалды.

- Жаратушы өзіміз төзе алатын сынды ғана жіберіп, өзімізге лайықты жеңіспен қуантады. Бойымыздағы жалқаулықты жеңіп, алға қарай ұмтыла беруіміз керек, - дейді спортшылар.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале