14.01.2019, 12:34
Оқылды: 91

Тай жарыстың жүлдесі Әлемқасқада

Сырым ауданындағы С.Датұлы атындағы стадионда «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен дәстүрлі тай жарысы өтті.

syrym (3)

Жеті айналымнан тұратын тайлар жарысына он шақты тай қосылды. Басында бір-бірінен қалыспай шапқан тайлар екінші айналымнан кейін бытырай бастады.

         3 шақырымға созылған жарыста Бекжан Сәмиғоллин деген шабандоздың өзі баптаған «Әлемқасқа» атты тайы мәре сызығын бірінші болып кесті. Өлеңтілік М.Мұқановтың «Алаяқ» атты тайы екінші (шабандозы – Тұрлыхан Хамит), Дамир Шарапиев шапқан «Қарақұйын» үшінші болып келді. Алдыңғы тай жарысында бірінші келген «Жұлдыз» осы жолы үштікке ілінбей қалды. Ұйымдастырушылар «Жұлдыздың» шабандозы Ернұр Сәмиғоллинге ынталандыру сыйлығын берді.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Сырым ауданы әкімінің орынбасары Асланбек Сарқұлов марапаттады.

syrym (1) syrym (2)

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале