27.01.2025, 12:15
Оқылды: 241

Тайпақта тағы да қоныстой

Аталған ауылдық округі орталығында  тұрғын үйге мұқтаж бірнеше отбасы су жаңа баспананың қожайындары атанды. Мұнда екі пәтерлі 2 баспананың құрылысы аяқталып, тұрғындар игілігіне берілді. Жақсылыққа орай ұйымдастырылған шарада аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітов баспана иелерін құттықтап, салтанатты түрде пәтер кілтін табыстады.

1188a736-bb6e-4444-9025-4f05dff0505f

Осында қонысқа ие болғандарды ақсақалдар кеңесінің төрағасы Боранбай Қыдырғожин пәтер алушыларды құттықтады. Сонымен қатар  жаңа баспана иелері атынан  Жәмила Исламғалиева осындай игі істі қолға алып, соңына дейін басы-қасында жүрген азаматтарға алғысын айтты.

bd381987-4f2b-4452-a1c6-049f0b7225b6

– Мен осыдан үш жыл бұрын үй кезегіне тіркелдім, мұншалықты тез қол жеткіземін деп ойламаппын. Өзім – жалғызбасты анамын. Екі ұлым бар. Екінші баламның денсаулығында кінарат бар еді. Сол ұлыма алаңдайтынмын. Оған ең керекті жылы, жайлы баспананың кілтін бүгін қолыма ұстатқандарға алғысым шексіз. Аудан әкімшілігінен бастап, округ әкімшілігіндегі қолдаушы жандарға, құрылысшыларға әрдайым еңбектеріңіз жемісті бола берсін дегім келеді. Қуанышты күндер көп болсын, – деді жиналғандардың алдында жаңа пәтер иесі.

Тайпақтағы жаңа баспаналардың құрылысын «ArtStroyServis 07» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Үй толық салынып, газы мен суы, жарығы кіргізіліп болған соң, аудан әкімдігі олардың әрқайсысын 19 млн. 370 мың теңгеге сатып алды.

Әсет Орынғали,

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале