11.05.2022, 12:15
Оқылды: 29

Тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің ұйымдастыруымен табиғи өрттерді сөндіру кезінде тиімділікті арттыру үшін Жаңақала ауданы Жаңажол ауылдық округі мен Казталов ауданының Қарасу ауылдық округі шекарасында жұмыс жоспары бойынша ерікті өртке қарсы құрылымдардың бірлескен өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті.

11111

Бұның мақсаты – жергілікті атқарушы органдардың ЕӨҚҚ дайындығын, арнайы техникаларын, жабдықталуын, қауіпсіздік ережелерін және далалық жану-өрттерін сөндіру тәсілдерін тексеру. Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімі, №16 ӨСБ-нің арнайы техникалары, жеке құрамдары, аудандық әкімшілік және ЖАО қызметкерлері мен ерікті өртке қарсы құрылымы мен техникалары жұмылдырылды. Іс-шара барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау майоры Т.Апақаев дала өрті кезіндегі қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, дала өрттерінің алдын алу бойынша дайындықтарын тексерді. Оқу-жаттығу барысында аталған ауылдық оругтердің бүкіл қажетті техникамен жабдықталғаны, ауылдық округ тарапынан ЕӨҚҚ арнайы киіммен қамтамасыз етілгені анықталды.

Айта кетейік, жергілікті атқарушы органдармен Жаңақала ауданының барлық ауылдық округтерінде ерікті өртке қарсы құрылымдарымен арнайы дала өрттері жануларының алдын алу бойынша оқу жаттығулар өткізілді.

Ж.Хайрушева,

Жаңақала ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале