Биыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының құрылғанына 30 жыл толды. Мерейтойдың құрметіне ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «30 жылдыққа 30 игі шара» науқаны аясында республика бойынша 30 000 түп тал егілмек.
«Атадан мал қалғанша, тал қалсын» дейді дана қазақ. Халқымыздың әрбір сөзінің астарында үлкен мән жатыр. Ендеше осындай игі шараны күн тәртібіне қойған діни басқарма даламыздың көркеюіне де өз үлестерін қосуда. Аталған 30 мың талдың 10 түбі жақында Жаңақала ауданында егілді.
Айта кетейік, бұл маңызды шараны аудандық мешіттің бас имамы Жомарт Лұқпанов пен аудандық мешіттің найб имамы Алтынбек Болатов бірлесе атқарды.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с) "Кімде-кім бір тал ексе, Алла Тағала міндетті түрде бұл тал жеміс бергенше оған сауап жазады" деген. Ал осындай игі амалды қолға алған ҚМДБ жұмысы жемісін бере берсін демекпіз.
Алтынбек Ермекқалиев,
Жаңақала ауданы
zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер