7.04.2022, 17:30
Оқылды: 45

Талантты төртеу

Теректіде балалар жылы аясында республикалық «Qazaqstan Daysy. Балалар» жобасына қатысып, «Көрермен көзайымы» атанған Сұлтан, Бейбарыс Ғарифуллиевтермен кездесу өтті. 

WhatsApp Image 2022-04-07 at 15.14.23 (7) (1)

Балалар шығармашылық үйі мен «Jas Otan» ЖҚ ұйымдастырған жиынға жас өрендердің атасы Ғарифолла Қабиев пен әжесі Нұрлы Ахметкереева, ата-анасы Замир-Гүлнара Қабиевтер және іздерінен ерген бауырлары Амир, Томирис шақырылды.

WhatsApp Image 2022-04-07 at 15.14.23 (2)

Сұқбат тізгінін ұстаған Үміткер Орынғалиев қос егіздің ата-әжесімен сұхбат құрды. «Qazaqstan Daysy. Балалар» жобасына қалай келгендері жайында ата-анасы баяндап берді. Сондай-ақ қос Ғарифуллиевтердің алғашқы ұстазы Ардақ Тельманқызы балалардың бойындағы қасиеті мен қызықты оқиғалары жөнінде айтып берді.

Өз кезегінде өнерлі балалар ән салып, би де биледі. Талантты төрт бауыр көрерменді тез баурап, қошеметке бөленді. «Жас тілші» үйірмесінің мүшелері сұрақтарын қойып, тұшымды жауап алды.

WhatsApp Image 2022-04-07 at 15.14.23 (3)

Өнерлі жанұямен сұхбатқа қатысқан ішкі саясат бөлімі басшысы Рауан Сатыбалдиев ақ тілегін білдіріп, аудан әкімі Тілек Габдушевтың атынан алғысхат пен сыйлығын табыстады. Ата-аналар атынан, көрермендер арасынан да шын жүректен ізгі ниеттерін білдірушілер табылды.

WhatsApp Image 2022-04-07 at 15.14.23 (4) (1)

Барша көрермендерге Ғ.Қабиев отбасы атынан алғысын білдіріп, ақ батасын берді.

WhatsApp Image 2022-04-07 at 15.14.55

Балнұр Қанаева,
Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале