22.12.2021, 13:00
Оқылды: 12

«Талаптарды қатаң сақтауымыз керек»

Теректі аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Ләйла Ашықова аудандағы эпидемиологиялық жағдай туралы дәл осылай дейді.

IMG-20211221-WA0031

Ол: «Біздің ауданда жалпы ересек адамдардың 67  пайызы, яғни 13 900  адам короновирусқа қарсы екпе алған. Дегенмен жағдай әлі де тұрақты емес.

Жыл басынан күні бүгінге дейін  COVID-19 инфекциясына шалдыққан 1625 жағдай тіркелген. Оның ішінде 1391 жағдайда жұқпаның еш белгілері болмаған. 234 адамда коронавирус симптомдары анық байқалған және де 4 адамда ол пневмониямен қоса анықталған. Өкінішке орай, 36 адам осы індеттен қайтыс болды» деген мәлімет беріп отыр.

-Былтырғы жағдайға қарағанда, биыл коронавирусқа шалдыққандар саны азайып келеді. Осы орайда ақпанда басталған вакцинацияның көмегі бар екені анық көрінді. Енді ұжымдық иммунитет қалыптастыруға қолымыз жетсе, жағдай оңалар еді. Ол үшін аудан халқының 80 пайыздан астамы екпе алуы қажет. Және COVID-19 инфекциясына қарсы екпе алған адамдар ревакцинациядан өтуі індетке қарсы тұрудан туындаған қажеттілік. Әр адам өзінің өмірі мен денсаулығына ғана емес, жақындары мен айналадағы адамдардың өміріне де жауапкершілікпен қарауы – адамгершілік белгісі. Бір тамшы ғана вакцина бір адамды вирустан сақтауға қабілетті. Сол арқылы ондаған адамды COVID-19 жұқтырудан сақтап қала аласыз, – дейді Ләйлә Тілектесқызы.

Ендеше, босаңсуға болмайды. Вакцина алу, ревакцинациядан өту шараларын қабылдап, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауымыз қажет.

Камелия Өтеу,

Теректі ауданы

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале