26.09.2023, 17:30
Оқылды: 33

Талдыапанда жаңа әкім таныстырылды

Бүгін Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округінің әкімі тағайындалды. Жаңа әкімді аудан әкімі Асланбек Сарқұлов округ активіне таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі. Ал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Жүсіп Шакуов округ әкіміне куәлігін табыс етті.

IMG-20230926-WA0160

Бауыржан Қабдолұлы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 36-бабының 1-тармағына және Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдыапан ауылдық округі сайланған әкімін тіркеу туралы Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2023 жылғы 25 қыркүйектегі  шешіміне сәйкес Талдыапан ауылдық округі әкімі лауазымына тағайындалды.

IMG-20230926-WA0159

Бауыржан Қабдолұлы 1964 жылы Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Қараөзен ауылында дүниеге келді. 1986 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтын физика-математика пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша аяқтаған.

1986-1988 жылдары Хайруш негізгі орта мектебінің мұғалімі болып еңбек жолын бастайды.

1988-1989  жылдары Қостанай облысы Арқалық ауданы Ақбұлақ орта мектебінің мұғалімі;

1989-1994 жылдары Ақбұлақ орта мектебінің оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі;

1994-1998 жылдары Ақбұлақ орта мектебінің директоры;

1998-1999 жылдары Ақбұлақ орта мектебінің мұғалімі;

1999-2000 жылдары Ғ.Молдашев атындағы орта мектебі жанындағы консультативтік пунктінің мұғалімі;

2000-2003 жылдары А.Хұсайынов атындағы орта мектебінің директоры;

2003-2006 жылдары Қарасу орта мектебінің директоры;

2006 жылдың сәуір-тамыз айлары Казталов аудандық білім беру бөлімінің бас маманы;

2006-2008 жылдары Казталов орта мектебінің директоры;

2008-2010 жылдары Талдықұдық ауылдық округінің әкімі;

2010-2017 жылдары Қараөзен ауылдық округінің әкімі;

2017-2021 жылдары Көктерек ауылдық округінің әкімі;

2021 жылдың сәуір айынан бастап осы күнге дейін Қараөзен ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.

Асылбек Нәсіпқалиұлы,

Казталов ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале