Казталов ауданының Талдыапан ауылдық округіне қарасты №249 сайлау учаскесіндегі сайлау науқаны жалғасуда. Қыс мезгіліне қарамастан дауыс берушілер қатары сиреген жоқ. Барлығы да елдің болашағы, ауылдың тағдыры үшін өз таңдауларын жасауда.
«Мен осы ауылда туып, осы жерде өскен адаммын. Сондықтан ауылдың тағдыры мені бей-жай қалдырмайды. Бүгін сайлау учаскесіне келіп өз таңдауымды жасадым. Өз басым дұрыс таңдау жасадым деп есептеймін. Болашақ басшымыз халықпен етене араласып, ауылымыздың қарыштап дамуына өз үлесін қосады деп сенемін»- дейді еңбек ардагерлері, зейнеткерлер Рабиға Аябалиева мен Қалима Досқалиева әжелеріміз.
Қыдыр Харесұлы
Казталов ауданы