21.09.2023, 17:45
Оқылды: 5

Талдыапандықтар бірқатар мәселе көтерді

Казталов ауданы әкімі Асланбек Сарқұлов Талдыапан ауылдық округі әкімінің есеп беру жиынына қатысып, халықпен бірге округтегі түйткілді мәселелерді талқылады.

A6185D5B-8F21-4639-9E4F-F08828ABAB53

Жиынға аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев, аудандық мәслихат депутаты Дархан Аябалиев, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Жадыра Сүндетова, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева,  аудандық «Мансап» орталығының директоры Эльмира Сармалаева, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Сағат Нұрмағанбетов, аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Дәулет Рахметов, учаскелік полиция инспекторы және Жалпақтал аудандық электр торабының өкілдері қатысты.

Округте өткен тоқсанда өткен есеп беру жиынында көтерілген бірқатар мәселе шешімін тапқан.

58C59436-A2F6-4551-86FC-D8A5B29B631D

– ІІ тоқсанда өткен есеп беру жиынында көтерілген мәселелерге тоқталсақ. Қайшақұдық елді мекеніне ауылішілік көше шамдарын жағу, Сарықұдық елді мекеніндегі кітапхананы мектеп ғимаратына көшіру, Қособа елді мекеніндегі күл-қоқыстарды тазарту мәселесі оң шешімін тауып, орындалды. Ал мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу, Талдыапан ауылына жол салу мәселесі, Қособа елді мекеніне мобильді интернет желісін қосу, Сарықұдыққа жаңадан көбік қазу мәселелері бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда, - деді округ әкімі міндетін атқарушы Ержан Омарғалиев.

Бүгінгі жиында округке қарасты елді мекендер мен қыстақтардағы электр желілерін қалпына келтіру, медицина саласы бойынша кадр тапшылығы, интернаттан елді мекендерге бала тасымалын ұйымдастыру, Бейістеректегі ауыз су мәселесі, Қособадағы жол мәселесі, облыстық маңызы бар жолмен Талдыапанды байланыстыратын жолды жөндеу, балабақшаны жөндеу жөнінде сауалдар қойылды.

Аудан әкімі тұрғындардың сауалын түртіп алып, нақты жауаптар беріп, округ тұрғындарын жеке қабылдады.

Асылбек Нәсіпқалиұлы

Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале