Қазталов ауданы әкімі Абат Шыныбеков Талдыапан ауылдық округіндегі Қособа, Қайшақұдық, Сарықұдық елді мекендерінде болып, жүргізіліп жатқан «Ақбұлақ» бағдарламасының құрылыс жұмыстарымен танысты.
Біраз жылдан бері күрделі мәселеге айналған осы аталған ауылдарға таза су құбырын тарту мәселесі оң шешімін тапты деуге болады. «Дөңгелек» су қоймасынан тартылған құбыр Қособа-Талдыапан – Сарықұдық ауылдарына жеткізілуде. Қазіргі күнде бұл ауылдарға қондырғылар орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр. Құрылыс жұмысын жүргізіп жатқан «БатысҚазСтрой» ЖШС құрылысшыларының айтуы бойынша, таза суды тұрғындардың пайдалануына берілуі өзінің белгіленген уақытында аяқталмақ.
Сонымен қатар Қайыңды ауылдық округінде де ауыз су тарту жұмыстарын «НовоселСтройсервис» ЖШС жетекшісі Жанболат Машаевтың бригадасы жүргізуде. Құрылыс жұмысында 12 адам жұмыс жасаса, сонымен қатар ауылдан 4 адамды жұмыспен қамтыған. Қазіргі күнде ауылдың 40 үйіне су құбырлары тартылып тұр. Ал Ақпәтер ауылдық округінде жүргізіліп жатқан жұмыс нәтижесінде 192 үйге су құбыры тартылып отыр.
Құрылыс жұмысы өзінің мерзімді уақытында аяқталады деп күтілуде. Атқарылып жатқан жұмыстармен танысқан аудан әкімі құрылыс бригадаларына кейбір тапсырмаларын да жүктеді.
Серік ЖҰМАҒАЛИЕВ,
Қазталов ауданы